KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Солжағалау кешеніндегі этноауылда ШҚО әкімі Б.Сапарбаев БАҚ өкілдерімен кездесті

29.05.2013, 18:00 329


30 мамыр күні Солжағалау кешеніндегі этноауылда ШҚО әкімі Б.Сапарбаев БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесуге аймақтық БАҚ басшылары мен тілшілері ғана емес, республикалық БАҚ басшылары мен журналистері де қатысты.
Баспасөз мәслихатында облыс әкімі 2013 жылдың алғашқы 4 айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын мәлімдеп, сұрақтарға жауап берді.

Аймақ басшысының айтуына қарағанда, 2012 жылдың қорытындылары бойынша, облыс барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша Республика дамуының орташа көрсеткіштерінен асып түсті. Экономика өсімі 13,7 пайыз, яғни Қазақстан өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткішті құрайды. Ағымдағы жылда бұл жетістіктер қарқыны сақталып отыр.

Солжағалау кешеніндегі этноауылда ШҚО әкімі Б.Сапарбаев БАҚ өкілдерімен кездестіҚатысушылардың сұрақ қоюына байланысты, аймақ басшысы Шығыс ауылындағы мәселе туралы сөз қозғады. Қазіргі таңда ауылда үш жұмыс комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Олар үйлердің сапасын, халықтың тұрмыстық жағдайын жете зерттеп, тиісті шешім шығарады. Соған орай билік тарапынан тиісті іс-шара қабылданбақ.

Баспана мәселесі pыряндықтарды да алаңдатқалы қашан. Су басу қаупі бар үйлердің тұрғындарына қатысты облыс әкімі, тиісті комиссия жұмысынан кейін кейбір, шынымен де апаттық жағдайда тұрған үйлер болса, оларды басқа жерге көшіру туралы шешім қабылданатынын айтты.

Баспанаға қатысты аймақ басшысы бірқатар жаңалықтармен бөлісті. Соңғы үш жыл бойы пайдалануға бір де бір тұрғынүй берілмеген Семей қаласында алдағы уақытта он шақты тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылмақ.

Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауыты да өңір басшысының назарынан тыс қалмаған көрінеді. Мүшкіл халде тұрған зауытты алдымен банкрот деп жариялап, содан кейін бір лот арқылы жаңа иелеріне сату көзделіп отыр. Зауыттың жаңа иелері – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ болмақ.

Облыс тұрғындары үшін аса өзекті мәселенің бірі – трамвай қозғалысына қатысты орын алып отыр. Б.Сапарбаевтың айтуынша, облыс басшылығы трамвайлардың тұрғындар үшін, әсіресе әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындар үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы біліп отыр. Сол себепті, билік трамвай паркінің жұмысын тек жандандыруды көздейді.

-Біздің трамвайлар сын көтермейді. Алысқа бармай-ақ, мынау тұрған. Павлодардағы трамвайларға назар аударыңыздаршы, - деп баса айтты Бердібек Мәшбекұлы. Шынында да, «Тахами» компаниясының иелігіндегі трамвайлардың жартысына жуығы істен шыққан. Соңғы жылдар ішінде бір де бір жаңа трамвай алынбаған, ал ескілері жөнделмегені көрініп тұр. Сондықтан, бұрынғы трамвай паркінің орнына «Өскемен трамвай паркі» деп аталатын жаңа ұйым құрылады. Оған жекеменшік пен мемлекет тең дәрежеде иелік етпек.

Солжағалау кешеніндегі этноауылда ШҚО әкімі Б.Сапарбаев БАҚ өкілдерімен кездестіОблыс басшысы А корпусына қатысты сұрақтарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Біздің өңірден тестілеуден өтпей қалған әкімдердің бәріне де бір баллдан жетпей қалған екен. Өңір басшысының айтуына қарағанда, олардың бәрі де өз жұмысын жақсы білетін мамандар. Аталған әкімдер 27 қыркүйекке дейін өз орындарында қала бермек, әрі қарай кадрлық комиссия олардың өз орындарында қалуы туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Бұдан басқа туризм мен спорттың дамуы туралы сұрақтар қойылды. Әсіресе қысқы спорт түрлері туралы кеңінен сөз қозғалды. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларының да мәселелері назардан тыс қалдырылған жоқ.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив