KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Семейлік кәсіпкерлер жалақыны әлі күнге ұн немесе мал азығымен беріп келеді

28.05.2013, 18:00 107


Семейде облыстық кәсіподақ кеңесінің ұйымдас-тыруымен семинар өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жиынға қаламыздағы мекеме, ұйым, кәсіпорын басшылары, қарапайым еңбек адамдары, заң саласының мамандары, тағы да көптеген іскер азаматтар қатысты. Қазіргі таңда облыста еңбек адамын қорғау мақсатында облыстық әкімдік жанынан жұмыс тобы құрылған. Бұл топ әкімдік мамандары мен прокуратура және кәсіподақ өкілдерінен тұрады.

Жиынды ашқан облыстық кәсіподақ кеңесінің төрайы-мы Нұржан Түсіпованың сөзіне сүйенсек, аймақтағы жекелеген жұмыс беруші кәсіпкерлердің қарамағындағы жұмысшыларға өткен жылғы жалақы берешегі 800 млн. теңгені құраған. Арнайы құрылған топтың жедел жұмысының нәтижесінде жалақы қарызы 20 млн. теңгеге дейін төмендеген.

Ауылдық жерлерде, көбінесе, шаруа қожалықтары жұмыс істеген адамға ұн, мал азығы сияқты өнімдерін беріп, есеп айырысып жатады. Облыстық кәсіподақ кеңесінің төрайымы жеке кәсіп иелерінің қол астындағы жұмысшылардың зейнетақы қорына түсуі тиіс жарнаны да бірде салып, бірде салмайтынын сынға алды. Кейбірі салықтан жалтару үшін еңбекақысын екіге бөліп беріп отырғаны және бар.

Семинарға қатысушылар маңызы зор мәселелерге қатысты көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив