KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Өскеменде 1 жасқа дейінгі сәбилердің 15 пайызы жіті ішек жұқпасын жұқтырған

27.05.2013, 18:00 171


Үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында Өскемен қаласында жіті ішек жұқпасының 126 жағдайы тіркелді. Оның ішінде екі жасқа дейінгі балалар арасында 62 жағдай анықталса, 66 жағдай он төрт жасқа дейінгі балалар арасында тараған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қалалық мемлекеттік санитарлық қадағалау басқармасының жетекшісі М. Дерябиннің берген мәліметтеріне сүйенсек, 1 жасқа дейінгі балалардың 15 %, 1-2 жасқа дейінгі бөбектердің 33,3 % , 3-6 жас аралығындағы балғындардың 3,1 % жедел ішек жұқпаларын жұқтырған.

Ерте жастағы балалардың науқастануының негізгі себебі баланы жасына сай емес тамақпен тамақтандыру, қауіпті топтағы балалардың иммунитінің әлсіздігі, бала емізетін аналардың жеке бас гигиенасын сақтамау болып отыр.
Сонымен қатар көше бойында сатылатын үй сүті мен сүт тағамдарын (ірімшік, қаймақ), балық және жұмыртқа сатып алғанда не болмаса жуылмаған тағамды пайдаланған кезде ішек жұқпасын жұқтыру мүмкін.

«Жұқпалы аурулардың отыз шақты түрі бар. Олардың ең жеңіл жүретін түрі – тағамнан улану, ал ең қауіптісі – тырысқақ пен іш сүзегі» дейді М.Дерябин.

Дәрігерлердің кеңесіне құлақ салсақ, жіті ішек жұқпасын болдырмау үшін қарапайым тазалық ережелерін сақтаса , жетіп жатыр. Мысалы, тамақтанар алдында және дәретханадан кейін, сырттан серуендеп келгенде қолды сабындап жуу керек. Суды тек қайнатып қана ішу керек. Ашық су қоймаларынан, арықтан су ішуге болмайды. Жеміс-жидектерді мұқият жуып, ыстық сумен шайқап жеген дұрыс.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив