KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Комендантка өзенінің арнасын қалпына келтіру жұмыстарының үшінші кезеңі басталды

20.05.2013, 18:00 228


Өскемен қаласында Комендантка өзенінің арнасын қалпына келтіру жұмыстарының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінде хабарлағандай, бұл жолы өзеннің Космос көшесі мен Абай даңғылы аралығындағы түбі тазаланады, оған 280-290 миллион теңге қажет. Қазіргі уақытта қаржы мәселесі әлі шешілмеген. Жоба «Востокгосэкспертиза» мекемесінің қарауында. Тазаланған аумақта әртүрлі архитектуралық шешімдері бар, жарықтандырылған балалардың саябағы салынбақ.

-Өзен арнасын қалпына келтіру мақсатында оның түбін қатты қалдық қоқыстардан арылтып, оның түбі мен ойықтарына су белгісінен жоғары қиыршық тастар төгу жоспарланған. Бұл жер асты суларының деңгейін тасқын кезінде төмендетуге, ал құнарлы қабат желектендіру жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді», деп түсіндірді қала әкімі қызметін атқарушы Владимир Головатюк.

Арнаны абаттандыру барысында жаңа көшеттер мен гүлзарларды егу қарастырылған. Осы жерде роллер-бақ та ашылуы мүмкін.


Сурет Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметінен алынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив