KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Қазақстандағы діни экстремизм және лаңкестік проблемалары талқыланды

16.05.2013, 18:00 210


Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Қазақстандағы діни экстремизм және лаңкестік проблемалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Діни экстремизм мен лаңкестіктің артуы дүние жүзін алаңдатып, XXI ғасырдың қаупіне айналды. Бұл мәселе көпұлтты мемлекеттерді айналып өтпеді.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінде хабарлағандай, конфереция барысында Қазақстанның белді ғалымдары, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдары, саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестік өкілдері аталған мәселелерді талқылады.

«Соңғы жылдары еліміздің ішкі саяси тұрақтылығына іріткі салғысы келетін теріс діни ұйымдарға тосқауыл жасау мақсатында Үкімет тарапынан тиісті шаралар қабылданып келеді. Қайта тіркеуден кейін Семей қаласында 35 діни бірлестік қалды. Оның 18 мұсылман, 4 православие, 2 католик және 10 протестанттық және 1 дәстүрлі емес діндерге жатады», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары З. Исабаева.

Осы конференцияға арнайы шақырылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, теолог доктор PhD Ершат Ағыбайұлы Оңғаров «Қазақстандағы діни экстремизм мен лаңкестікпен күрес және оның алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Конференция соңында қатысушылардың қойған сұрағына жауап берді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив