KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде іздеуде жүрген 6 қылмыскер құрықталды

15.05.2013, 18:00 193


Шығыс Қазақстанда жүргізіліп жатқан «Нелегал-2013» жедел-алдын алу іс-шарасының барысында криминалды полиция іздеуде жүрген 6 қылмыскерді қолға түсірді, бір қылмысты іс қозғалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, Ресей Федерациясынан Қазақстанға 2011 жылы Жезкент кедендік бекеті арқылы кірген ресейлік азаматшаның үстінен елден шығару туралы шешімді орындамағаны үшін қылмысты іс қозғалды.

Сонымен қатар облыс орталығындағы қонақ үйлердің бірінен заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 7 азаматы ұсталды. Тексеру кезінде аталмыш азаматтардың күн көру үшін заңға қайшы қызметпен айналысқандары әшкереленді.

Қазір олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив