KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Өскеменде алғаш рет «Менің жанұям» мерекелік шарасы өтті

15.05.2013, 18:00 152


Өскемендегі «Ульба» орталығында «Бақытты отбасы халықаралық институты» мекемесінің ұйымдастыруымен халықаралық отбасы күніне орай «Менің жанұям» атты мерекелік шара өтті. Ондағы мақсат – қоғамдағы отбасылық құндылықтарды жаңғырту болып табылады.

Облыс орталығында алғаш рет шымылдығы түріліп отырған айтулы шара «Отбасы денсаулығы», «Отбасы психологиясы», «Отбасы имиджі», «Отбасы туризмі», «Отбасылық шығармашылық», «Отбасы экологиясы», «Отбасы және қаржы» деген бөлімдерді қамтыды.

Сонымен қатар мұнда кәсіпкерлер, коммерциялық құрылымдар мен ұйымдар тарапынан қаладағы отбасыларға арналып қандай пайдалы жұмыстар істеліп жатқаны туралы баяндалды.

«Менің жанұям» деген бөлімінде бақытты да өнегелі отбасында алаңсыз өсіп келе жатқан жас ұрпақ көпшілікке үлгі ретінде таныстырылды.

«Отан – отбасынан басталады» демекші көпұлтты Қазақстанда тату-тәтті тұрмыс кешіп жатқан халықтардың бейбіт өмірі мен өзара достық қарым-қатынасы осы мерекелік кештің өзегі болып табылды.

Мерекелік шараның үстінде Евгения мен Данияр есімді ұлттары бөлек екі жас үйленіп, интернационал отбасын құрды.

Соңына қарай бұған дейін жарияланған фото байқаудың жеңімпаздары анықталып, марапатталды.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив