KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Өскеменде лор науқастары жақ-бет сүйегі хирургиясында емделеді

13.05.2013, 18:00 198


Өскемендегі №1қалалық ауруханасының лор бөлімшесі жабылып қалды. Сәуір айының соңынан бастап осы емдеу мекемесінің жақ-бет сүйегі хирургиясы бөлімшесінде лор науқастарына 10 төсек бөлінген , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Аурухананың бас дәрігері Юрий Старокожаев түсіндіргендей, енді құлақ, тамақ, мұрыны ауыратындар үшін тәулік бойы жатқызатын 8 төсек пен күндізгі стационардағы 2 орын жақ-бет сүйегі бөлімшесінде орналасқан. Мұнда жоспарлы науқастар жатқызылады. Жедел түскен науқастарды енді облыстық аурухана қабылдайды.

Бөлімшенің жабылуын облыстық денсаулық сақтау басқармасында оңтайландырудың нәтижесі деп түсіндірді.

Сәуір айының соңына дейін барлығы 32 орын қысқарып қалыпты.

Облыстық аурухананың дәрігерлері жедел түскен науқастармен бірге жоспарлы пациенттерді де емдейтін болады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив