KZ
Өскемен
+11°
небольшой дождь жел 4 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Ауылдық мәдениет үйі демеушілердің көмегімен жөнделді

12.05.2013, 18:00 90


Шемонайха ауда-нындағы Верх-Уба ауылдық мәдениет үйі демеушілердің көмегімен жөндеуден өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жөндеу жұмыстары ғимараттың іші-сыртын толық қамтыды. Жарқырап, жаңарып қалған клубта қазір өнерпаздар ерекше көңіл күймен еңбектерін жалғастыруда.

Бүгінде ауылдық клубта «Домисолька», «Диско» «Родные напевы» сынды көркемөнер ұжымдары, кітапхана, хореография және вокал топтары жұмыс істейді.

Бұл өнер ұжымдарының жұмысы әсіресе, мереке күндері, байқаулар мен фестивальдер өткізілген кезде қыза түседі. Ауылды айтпағанда, аудан жұртшылығына концерттік бағдарламаларын ұсынып, шаттық сыйлауда әнші-бишілердің атқаратын еңбегі ерекше.

Ең бастысы, ауылдық мәдениет үйінің қызмет істеп тұруы жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге, тұрғындардың рухани сұранысын қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізбек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив