KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Шығыс Қазақстанда қанша майдангер бар?

7.05.2013, 18:00 221


– Шығыс Қазақстандағы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі майдангерлердің саны қанша? Оларға қандай көмек көрсетіледі?

Дулат Көркембайұлы
Өскемен.

Сауалға облыстық ішкі саясат басқармасы діни ұйымдар мен саяси партиялар бөлімінің бастығы Ерлан Жақыпов жауап береді:

– Облыста екінші дүние-жүзілік соғыс ардагерлерінің есебі тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2013 жылдың төртін-ші мамырындағы есеп бо-йынша өңірде 132 ардагер қалған. Олардың үшеуі Еңбек Ері атағының иегерлері. Ал екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектерінің саны – 309. Соғыста қайтыс болған ардагерлердің жесірлерінің саны – 43. Тыл ардагерлері санатына жататын 27 905 жерлесіміз бар.

Халық үшін қан кешкен майдангерлерге және олардың жесірлеріне немесе «мылтықсыз майданда» тынымсыз тірлік жасаған тыл ардагерлеріне мемлекет тарапынан да, облыс тарапынан да мүмкіндігінше көмек-тер көрсетіліп келеді. Айталық, биыл ардагерлерге көмек ретінде облыстық бюджеттен 458 млн. теңге бөлініп отыр. Аталған 132 ардагерге облыс қоржынынан ай сайын 5 мың теңге жәрдемақы төленеді. Ал соғыс ардагерлерінің жесірлеріне жылына бір рет өтетін қайырымдылық акциясы негізінде қаржылай көмек жасалады. Бұдан бөлек белсенді жастар мен мектеп оқушы-лары ардагерлерге көмектесіп тұрады. Мұндай шараларға олар шексіз ризашылықтарын білдіріп жатады.

Есімжан Нақтыбайұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив