KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Семей қаласында Қазақстан халқы бірлігі мерекесі кеңінен тойланды

1.05.2013, 18:00 124


Қазақстан халқы бірлігі күні - 130-дан астам ұлт өмір сүретін еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Семей қаласындағы Абай театры орналасқан Орталық алаңда ортақ шаңырақ астында қазақ үйі мен 7 ұлттық мәдени орталық бірлестігінің шатырлары, үйлері тігілді , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шатырлардың астында әр ұлт өкілдері: неміс, орыс, татар, өзбек және тағы басқалары өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін, сәндік-қолданбалы өнерін, ұлттық киімдерін, музыкалық аспаптарын, тұрмыстық және қолөнер бұйымдарын көрсетіп, билерін билеп, жырларын шырқады.

Мерекеге қатысушыларды қала әкімі міндетін атқарушы Нұрбол Нұрғалиев құттықтады.

«Бұл күн - біздерге Отанымызға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің шынайы көрінісін көрсетуге арналған мереке. Қазақстан халықтарының бірлігі күні әр шаңыраққа шаттық сыйлап, қуаныштарыңызды арттыра берсін!», - деді құттықтау сөзінде Нұрбол Нұрғалиев.


- Біз болашақ ұрпақ үшін жауаптымыз. Қазақстан халықтары Ассамблеясының маңызы аса зор, - деді Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласының құрметті азаматы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Семей қаласы бойынша төрағасы Анатолий Еременко, - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен қолға алынған Ассамблея жұмысына бүгінде халық дән риза. Елімізді алыс-жақын шет елдер және БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты ірі ұйымдар мойындап отыр. Ассамблея институтының дәрежесі жоғарылай беретініне мен сенемін.

Қала жұртшылығына шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт көрсетілді.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив