KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 1,8 м/с, З
484.37 531.06 5.05

Ардагерлер хоры 45 жыл бойы жастарға патриоттық тәрбие беріп келеді

28.04.2013, 18:00 336


Семей қаласында соғыс және еңбек ардагерлерінің хоры өздерінің 45 жылдығын «На крылях песни» атты мерекелік концертпен атап өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Соғыс және еңбек ардагерлерінің бұл халықтық хоры 1968 жылы 1 сәуірде қалалық Мәдениет сарайында құрылған болатын. Әу баста Жеңіс туралы әндер шырқаған ардагерлер хор құруды ойламапты да. Тек Отан қорғағандарды еске сақтап, жастарға таныту үшін халық арасында бірігіп, ән салып жүрген көрінеді. Содан 1983 жылы қалалық ардагерлер кеңесінің шешімімен ұжымға «Ардагерлердің халықтық хоры» атағы беріледі.

«Біздің репертуарымызда әскери-патриоттық және соғыс жылдарының әндері жинақталған, біз хорымызды жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында құрған едік. Қазір репертуарымызда лирикалық, орыс және қазақ халық әндері бар. Ұжымымыз көпұлтты, қазақ, татар, украин, орыс болып кете береді», – дейді ардагерлер хорының басшысы Татьяна Назаренко.

Мереке барысында Анатолий Еременко облыстық ардагерлер кеңесі атынан хор мүшелері Г.Абдулкаримов пен В.Матвиенконы айырықша марапаттады.

Бұл жолы мереке өткен Достоевский атындағы театр сахнасында «Даль великая», «Солдат анасы», «Смуглянка» және басқа да әндер шырқалды.

Ардагерлерді қалалық Мәдениет сарайының жас әншілері де құттықтап, өз өнерлерін ұсынды. Хордағы әнші ата-апалардың айтуынша, жақында ғана облыс орталығында ардагерлер ұйымдары арасында өткен байқауда жүлделі екінші орынды иеленген олар алдағы уақытта да байқаулар мен фестивальдарға қатысып, өнер сапарларына шықпақ.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив