KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Оқушылардың ағылшын тілінлегі үздік жұмыстары кітапхана сайтында жарияланады (+сурет)

25.04.2013, 18:00 104


А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада оқушылардың ағылшын тілін меңгеруге деген шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту мақсатында ғылыми-практикалық конференция-конкурс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқушылардың ағылшын тілінлегі үздік жұмыстары кітапхана сайтында жарияланады (+сурет)Байқауда қала мектептерінің 8-11 сынып оқушыларының ағылшын тіліндегі жобалары қарастырылды. Бұл аса күрделі конкурс болды. Жұмыстар ағылшын тілін білу деңгейі, ғылыми құндылық, тақырып өзектілігі, зерттеу шеберлігі, ұсыну стилі және басқа да талаптар бойынша бағаланды.

Оқушылардың ағылшын тілінлегі үздік жұмыстары кітапхана сайтында жарияланады (+сурет)"Конкурс қатысушыларының тек кітаппен ғана шектелмей, Интернеттен зерттеп, ағылшын тіліндегі электронды басылымдарды қарап, кітапханадағы тіл мамандарымен қарым-қатынас жасағандары байқалды. Кітапхананың Америка мәдени орталығының қазылар алқасы үздік жобаларды анықтады. Жеңімпаздар Өскемен қалалық білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталып, ал жұмыстары кітапхана сайтында жарияланады (автордың рұқсатымен)" дейді ұйымдастырушылар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив