KZ
Өскемен
-6°
пасмурно Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде кекушинкай каратэден қала чемпионаты өтті

22.04.2013, 18:00 142


Семей қаласындағы балалар мен жастар шығармашылығы сарайында «Каратэ нашақорлыққа қарсы» ұранымен бірінші жыл қатысатын тәрбиеленушілер арасында кекушинкай каратэдан қала чемпионаты болып өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторында мәлім еткендей, жарыстың ұйымдастырушысы - «Жалпықазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы.

Аталмыш чемпионат жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Өзге спортшылармен қатар осы жарысқа №3 балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысты.

Қаланың аға жаттықтырушысы, «Жалпықазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» РҚБ ШҚО филиалының директоры Денис Хижняктың айтуы бойынша, жаңадан келген тәрбиеленушілер өз жаттықтырушыларынан бар үйренгендерін көрсету үшін жыл сайын осындай чемпионаттар өтетін болады.

«Қалалық жарыстарда жеңімпаз атанғандар облыстық чемпионатқа жолдамаға ие болып, басқа аудандардың түрлі-түсті белбеу спортшыларымен шеберлік жарыстыруға мүмкіндік алады», - деді ол.

Чемпионат жеңімпаздары жарыс ұйымдастырушылары тарапынан сыйлық және дипломдармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив