KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 1 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Семей жастары нашақорлыққа қарсы

17.04.2013, 18:00 252


«Исток» балалар және жастар шығармашылығы орталығы» қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ішімдік пен нашақорлықтың алдын алу бойынша әлеуметтік қызмет» жобасын жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жоба үйлестірушісі Юлия Русинованың сөзіне сүйенсек, жоба аясында студентердің арасында әлеуметтік зерттеу жүргізілмек. Семей жастары мен жастар ұйымдары үшін білім беру тренингтері мен семинарлар ұйымдастырылады.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандарының айтуынша, сонымен қоса, қала жастары спорттық іс-шараларға да ат салысады. Орта арнаулы оқу орындары мен қала мектептерінің тәрбиеленушілері салауатты өмір салтын насихаттауға арналған үздік бейнеролик байқауына қатыспақ. Бүкіләлемдік нашақорлықпен күрес күніне орай қаланың жастар ұйымдары флэш-моб өткізеді. Қала жастарының қатысуымен шылым шегуге қарсы халықаралық күрес күні және Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне акциялар ұйымдастыру жоспарланған.

Жоба Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің қаржыландыруымен жүгезе асады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив