KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскемен қаласының жылу желілері 70 пайызға тозған

21.04.2013, 18:00 115


«Өскемен жылу жүйелері» АҚ мамандарының мәліметіне қарағанда, қаладағы жылу желілерінің 70 пайызға жуығы ескірген және ауыстыруды қажет етеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бекітетін тарифтік сметаның шектеулілігін ескерсек, компания қажетті мөлшердегі жөндеу жұмыстарының жылына тек 40 пайызын ғана орындай алатыны белгілі болып отыр.

Сол себепті «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның басшылығы бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарауда. Атап айтқанда, компания күрделі жөндеуді қажет ететін желілерге мониторинг жүргізіп, әбден тозғандарын ғана ауыстырып келеді.

«Осындай асқан ұқыптылықпен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде желілердегі ақаулар 1997 жылмен салыстырғанда 5 есеге азайған. Оның үстіне жылыту маусымына дайындық кезіндегі ыстық су беруді тоқтату күндері де 2,5 есеге кеміп отыр» дейді компания өкілдері.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив