KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

110 миллион теңге қарыз Өскемен жылу жүйелері қала тұрғындарына

26.12.2013, 18:00 111



Өскемен жылу жүйелері қала тұрғындарына қазан айында берілген жылу үшін 110 миллион теңге қайтаруға мәжбүр. Бұл жайында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі жөніндегі сараптама жұмыс тобының жетекшісі Эдуард Датчиков облыстық қоғамдық кеңестің мәжілісінде баяндады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы топтың ұсыныстарының нәтижесінде терможаңғырту бағдарламасына, оны іске асыру барысында туындайтын мәселелерді реттеуге бағытталған заң нормаларына да өзгерістер енгізіліпті.

Жұмыс тобының жетекшісі Эдуард Датчиковтың айтуынша, егер бұрын жылуға кететін шығындарды қала әкімі бекітсе, бүгінде бұл қызмет табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік пен оның өңірлердегі өкілдеріне берілген. Қыстың жылылығына қарамастан, жылуды тұтынушылардан келіп түсетін қаржының көлемін жоғалтпау үшін, жылу беру мерзімі екі тәулікке, ал жылу берілетін ғимараттардағы температура бір градусқа арттырылған. Қоғамдық кеңес «Казахэнергоэкспертизаның» жасаған есебіне де күмән келтіріп, норманың 13 пайызға көтерілгенін де жеткізді.

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік қоғамдық кеңестің сараптама жұмыс тобы ұсынған норманы бекітіпті. Нәтижесінде қазан айында берілген жылу үшін жылу жүйелері Өскемен тұрғындарына 110 миллион теңге қайтаруға мәжбүр. Эдуард Датчиков сонымен қатар, қуатты үнемдеуге, энергетика жүйесіне инвестиция тарту және тағы басқа мәселелер туралы да өз ойларын ортаға салды.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив