KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Дүниежүзілік кітап мерекесіне бағытталған мәдени шаралар ертең басталады

18.04.2013, 18:00 175


А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні мерекесіне орай мерекелік іс-шараларды бастайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Пушкин кітапханасында мерекелік іс-шаралар марафонын ертең жастарға арналған «Кітап 2013: жаңа кейіпкерлер заманы» брейн-рингі ашады. Тинэйджерлер талқылауына заманауи жасөспірімдер әдебиеті туралы мәселелер ұсынылады: «паранормалды романтика», көңілсіз постапокалиптика, “стимпанк”, “ақылды” аллегориялық роман және урбанистік фэнтэзи.

Зияткерлік талқылаулар келесі күні «Не? Қайда? Қашан?» клубында жалғасын таппақ. Зияткерлер кітап тарихы, кітап басу және кітапхана ісіне байланысты сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Поэзияны ұнататындарға Бақытжан Раисова, Азамат Тасқараұлы, Наталья Матвеева, Лариса Мартынова, Любовь Юркова, Яна Абдеева тәрізді белгілі авторлармен жүздесуге мүмкіндік беріледі.

«Адамзат игілігіне жол тартқан идеялар» көрмесінің тұсаукесері нағыз ақыл-ой иелерін бей-жай қалдырмасы сөзсіз.

«Нобель тақырыбы «В кругу друзей» клубында жалғасады. Біздің оқырмандар ерекше талғам, терең ой және білуге құштарлық аясында «Білім көкжиегіне саяхат» деп аталатын кездесу-талқылауға қатыса алады. Олар Нобель сыйлығының 2012 жылғы лауреаты – қытай жазушысы Мо Янь шығармаларын талқылайды. Биылғы жылы жарық көрген кітаптар жайында әңгімелеп, оқыған кітаптары туралы пікір алмасады» дейді кітапхана қызметкері Наталья Харламова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив