KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«Өскемен - оқырман қала» жалпықалалық акциясы басталады

26.05.2013, 18:00 202


29-мамырда облыс орталығында облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен «Өскемен - оқырман қала» жалпықалалық акциясы өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омардың пікірінше, сауаттылық, білім мен мәдениет бүгінгі күні ерекше өзекті, ұлтымыздың бай және бақуатты тұрмысы соған байланысты.

Акция аясында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана әртүрлі жастағы кітапқұмарлардың сұранысын қанағаттандыратын ауқымды бағдарламалар ұсынады.

Кітапхана алды алаңында күні бойы жазғы оқу залы ашық жұмыс істейді, халықтың емін-еркін кітап оқуына, әдеби-көркем, танымдық және көпшілік журналдарды қарауға, аудио-, бейне-, CD дискілермен танысуына мүмкіндігі болады. Мұнда «Адамзат игілігіне ұсынылған идеялар» хит-парады аясында 60-томдық «Нобелевские лекции на русском языке» басылымы, Нобель сыйлығы лауреаттары туралы және осы сыйлыққа ие болған жазушылардың шығармалары ұсынылады.

Негізгі көпшілік іс-шаралар сағат 10.00-12.00 аралығында өткізіледі. Ұйымдастырушылар Қазақстан көшесі бойымен, А.С.Пушкин кітапханасынан Абай ескерткішіне дейін және кері қарай Алдар-көсе, Буратино, Қызыл Телпек және тағы басқа кейіпкерлердің қатысуымен әдеби кейіпкерлер парад – флэш-мобына шақырады.

«Өскемен – оқырман қала!» акциясына келіп немесе виртуалды қатысуға болады. Кітапхана сайтында (www.pushkinlibrary.kz) виртуалды сөре-көрмелер, көне басылымдар, бейнероликтер ұсынылған онлайн оқу залы ашылды. Онлайн оқу залы виртуалды оқырмандардан кітап оқуды ілгері жылжыту туралы идеялар, сүйікті кітаптары туралы қызықты ой-пікірлер мен түсініктемелер алуға үміттенеді», дейді үйлестіруші Бахтина Әбенова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив