KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 0,7 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Кәмшат «Қазақ сұлуы» атанды

18.04.2013, 18:00 174


Семейде педагог мамандар «Қазақ сұлуы-2013» байқауы өтті. Сайысқа ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты жақсы білетін мұғалімдер қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ақылына ажары сай арулардың біліктілігі мен білімі сынға түскен бұл байқауда қала мектептерінің тоғыз жас мұғалімі өзара бақ сынасты.

«Мен – қазақтың қызымын», «Өнерлі өрге жүзер», «Ас – адамның арқауы», «Білімді мыңды жығар» атты төрт турдан тұрған сайыс қорытындысы бойынша Гран-приді №22 мектептің мұғалімі Кәмшат Мәулетқызы жеңіп алды.

Бірінші орынға Назгүл Серікбекова (№16 мектеп) ие болса, екінші және үшінші орындарға тиісінше Құралай Қонысбаева (№47) мен Әлия Ибраева (№42) көтерілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив