KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 4 м/с, В
443.37 474.49 4.83

ШҚ Өскемен қаласында «Үздік жыл мұғалімі – 2013» облыстық байқауы өтеді

27.05.2013, 18:00 156


ШҚ Өскемен қаласында «Үздік жыл мұғалімі – 2013» облыстық байқауы өтеді. Байқауға аудандық (қалалық) «Үздік жыл мұғалімі – 2013» байқауының жеңімпаздары қатыспақ. Ұстаздар арасында өтетін бұл сайыстың мақсаты қызмет жолында жоғары дәрежеге жеткен педагог мамандардың жұмыс сапасын арттыру, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз мәліметіне сілтеме жасап.

Байқау 2 турдан тұрады. Бірінші турда қатысушылар өзін-өзі таныстырса, сайыстың екінші кезеңінде жұмыс жүйесін таныстыратын болады.

Сайыс қортындысы бойынша гран-при мен бірінші, екінші, үшінші орынға лайық ұстаздар және «Құзіретті ұстаз», «Білікті ұстаз», «Зерттеуші ұстаз», «Шығармашыл ұстаз», «Жаңашыл ұстаз», «Талантты ұстаз», «Шебер ұстаз», «Озық ойлы ұстаз» сынды тағы да басқа номинациялардың иегерлері анықталады.

Мұғалімдер сайысы 29-мамыр күні сағат 10.00-де Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің мәжіліс залында (Өскемен қ. Абай даңғылы 10/1) өтеді деп жоспарланған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив