KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Семейлік жастар махаббат кешін өткізді

16.04.2013, 18:00 92


Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Махаббат – өмір тынысы» атты кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ұлттық ғашықтар күніне арналған бұл кештің мақсаты – «Әулие Валентин күнін» мерекелеуді әдетке айналдырған бүгінгінің жастары арасында шынайы махаббат күнін 15-сәуірде, төл мерекеміз ретінде атап өтуді насихаттау еді.

Біле-білгенге, бұл күн – махаббаттары аңызға айналған қос ғашық Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні. Дәл осы мерекеде әрбір Қозы өзінің Баянына ыстық ықыласы мен сұлу да қайталанбас сезімін білдіріп жатады.

Жасыратыны жоқ, бүгінде көптеген жастарымыздың саналарын батыстық идея еліктіруде. Әсіресе, «көк сандықтағы» телехикаялар үлкендерге де, балаларға да кері әсерін тигізіп жатыр. Осыны ескерген жастар кеш барысында қазақтың тамаша кинотуындысы – «Тақиялы періште» фильмінен үзінділер қойып, көрермендерді өнерлерімен сусындатты.
Көңілге шуақ, жүрекке жылу ұялатқан кеш соңы қызықты викторинаға ұласты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив