KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Академик Ғарифолла Есім Семей студенттерімен кездесті

19.10.2014, 18:00 169



Белгілі абайтанушы, шәкәрімтанушы, философ, академик Ғарифолла Есім Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Шәкәрімтану» ғылыи-зерттеу орталығында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сонымен қатар ғалым университет тарихына арналған мүражайдың «Семей өңірінде педагог мамандарды даярлау тарихынан» сыр шертетін жаңа экспозициясын тамашалады.

Ұстаз-ғалым университеттің журналистика және саясаттану мамандықтарының студенттерімен кездесіп, «Айна» телестудиясында арнайы сұхбат беріп, Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырудың негізгі жолдарын ортаға салды.

Ақмарал Смағұлова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив