KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шежіретанудың отандық мәселелері Семейде талқыланады

15.05.2012, 18:00 178


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде 17-18 мамыр күндері қазақтың басынан кешкен нәубеті мен шежіретанудың отандық мәселелері талқыланады, деп хабарлады Altaynews.kz тілшісіне Шәкәрім СМУ-нің маманы Асқар Құмар.

Жуықта униерситет қабырғасында «Абай арманы» атты зиялылар клубының ашылуы болып, алғашқы отырысы өткен болатын.

17 мамыр күні «1930-1933 жылдардағы ашаршылықтың бұрмаланған мәселелері» тақырыбында клубтың екінші отырысы өтеді. Аталмыш клуб жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Омарбеков Талас Омарбекұлы арнайы келіп, келелі ойларын айтпақ.

Клуб отырысына жиылған қадірлі меймандар мен ғалым-ұстаздар, ақсақалдар 18 мамыр күні өтетін республикалық «Шәкәрім Құдайбердіұлы - шежіретанудың негізін қалаушы» атты ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысады. Мұнда Шәкәрім шежіресіндегі қазақ тарихының жазылу жағдаяттары айтылып, бұл ой төңірегінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының немересі Л.Қ. Жүсіпова Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіп жайлы ой қозғайды.

Алматылық ғалымдар Т.О.Омарбеков, Е.М. Тұрғынбаевтармен қатар, жергілікті өлкетанушы ғалым, жазушылар А.И.Исин, М.Ж. Жанболатовтардың пікірлері алмасқан шежіре тақырыбында, гендік даму, қан тазалығы жайында сөз болмақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив