KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есімов ШҚО «Дидар» газеті редакциясымен кездесті

14.04.2013, 18:00 271


Парламент Сенатының депутаты, академик, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстандағы қазақ баспасөзінің қара шаңырағы саналатын «Дидар» газеті редакциясының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Шығыс-Ақпарат» директоры Нұржан Қуантайұлы өз сөзінде елге танымал тұлғалармен кездесу «Дидар» газетінің дәстүрінде бұрыннан бар нәрсе екенін, күні кеше өмірден озған Қасым Қайсенов, Әзілхан Нұршайықов сынды ақсақалдармен де жүздескен сәттер бүгінгі күні газеттің тарихына айналып үлгергенін, енді, міне, сол дәстүр жалғасын тауып, жаңғырып отырғанынатап өтті.

– Біз бұрын-соңды болып көрмеген жаңа заманға аяқ бастық. Өткен жылдың соңында жұрт ақырзаман болады деп дүрлігіп жатқанда, Елбасы өзінің халыққа кезекті Жолдауын арнады, – деп сөзін бастаған сенатор газеттің шығармашылық ұжымына осынау тарихи құжаттың мәні мен маңызын терең ашып, көрсетіп берді.

"Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін біз жаңаша ойлауға бейімделуіміз қажет. Жаңаша ойлау дегеніміз – бұл инновациялық тұрғыдан ойлау. Әрбір жаңалықтың бағыты, бағдары болуы керек", – деді сенатор Ғарифолла Есім.

Осы сапарында Ғарифолла Есім өзінің азамат ретінде көтеріп жүрген ұстанымдарына адалдығын тағы бір танытты. Біз ғалымның заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының кейіпкерлерін тірілту, басына белгі қою туралы мәселені көптен бері көтеріп жүргенін жақсы білеміз. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» атты әңгімесінің кейіпкері Ғазизаның жатқан жеріне арнайы барған сенатор алдағы уақытта қазақ қызының басына ескерткіш орнату жайындағы ойын да журналистерден жасырып қалмады.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив