KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Зайсандағы дала өртін сөндіруден ауыл тұрғындары да шет қалған жоқ

8.04.2013, 18:00 159


ШҚ Зайсан ауданында 50 гектар жерде қураған шөп өртенді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дала өрті өрт сөндірушілердің бөлімшесінен 80 шақырым қашықтықта, техниканың өтуіне қиын жерде басталған. Далада 10 сағаттан астам лапылдаған тілсіз жаумен күреске төтеншеліктермен бірге ауыл тұрғындары да қатысты.

Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 17 маманы мен 20 ауыл тұрғыны, 3 техника тартылды. Өрт таңғы 4-те ғана сөндірілді.

Қураған шөп Өскемен қаласында да өртенген. Облыс орталығының Бажов көшесінде 200 шаршы метр, Сәтбаев даңғылы бойында 1 гектар шөп жанып кетті.

Төтеншеліктердің сөзіне қарағанда, қураған шөптің өртенуіне көбінде тұрғындардың өздері кінәлі екен. Ескертулерге қарамастан, олар сіреңке жаққан, табиғат аясында демалған сәттерінде қауіпсіздік шараларын сақтамайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив