KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, З
441.66 475.14 4.86

ШҚ облысы орталығындағы азық-түлік бағалары Астана мен Алматыдан да асып түседі

7.04.2013, 18:00 238


Азық-түлік бағасының көтерілуі жөнінен Өскемен қаласы алдына жан салмай тұр. Өкінішке қарай, облыс орталығындағы халық тұтынатын кейбір азық-түлік түрлерінің құны Астана мен Алматыдан да асып түседі екен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресми статистикаға жүгінсек, бүгінгі күні картоп 7 пайызға, пияз 4 пайызға, орамжапырақ 9 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, ет пен сүт өнімдері де сатып алушы қарапайым тұрғындардың қалтасына айтарлықтай салмақ түсіруде.

"Әрине, азық-түлік тауарларының қымбаттауы еліміз-дің басқа да қалаларында байқалады. Бірақ ең жоғары өсім Өскеменде,"– деп нақтылады қала әкімі Серік Тәукебаев.

Бір көңіл аударарлығы, бағаның жоғарылауы тек жеке кәсіпкерлердің иелігіндегі сауда орындарында ғана емес, сондай-ақ тұрақтандыру қорында да көрініс берген. Мәселен, қордағы өнімдер ай сайын 1-2 теңгеге өсіп отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив