KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Катонқарағай ауданында жеке кәсіпкер өз қаржысына көшені жарықтандырып берді

2.04.2013, 18:00 106


Катонқарағай ауданында жеке кәсіпкер өз қаржысына көшені жарықтандырып берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

«Туған жерге – тағзым» акциясы аясында жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының қаржылай қолдауымен көптеген жобалар іске асырылуда. Осындай игілікті шаруаның бірі Жамбыл ауылында жалғасын тапты.

Жеке кәсіпкер Асхат Абраимов туған ауылының Қайнар көшесіне темір бағаналарға 10 электр шамын және оны сөндіріп, қосатын жабдықтар орнатып берді. Бұған қажетті 750 мың теңге қаржыны кәсіпкер өз қалтасынан шығарды. Асхат Ақошұлының бұл ісіне ауылдастары шын көңілден ризашылықтарын білдіріп отыр.

Тұрсынхан Базарбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив