KZ
Өскемен
+8°
туман Штиль
478.89 528.74 5.29

Курчатов қаласында парақор шенеунік әшкереленді

1.04.2013, 18:00 65


Курчатов қаласы тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы бастығының пара алғаны әшкереленді. Бұл жөнінде ШҚО бойынша ЭСЖКД-нің сыбайлас жемқорлық туралы істердің алдын алу және әшкерелеу басқармасының бастығы Бейбіт Сиқымбаев журналистерге брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріс тәртібімен шенеунікке қарсы қозғалған қылмыстық іс 25-наурызда аяқталды.

Оқиға былай өрбіген: лауазымды тұлға 2012 жылы Курчатов қаласында 3 ойын алаңын жөндеу жұмыстары туралы жалған актілерге қол қойып, солардың негізінде жеке кәсіпкердің есеп шотына 1,5 миллион теңге заңсыз аударған.

Сонымен қатар, ол қызмет бабын пайдалана отырып, осы ойын алаңдарын жөндеу жұмыстары туралы жалған актілерге қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 150 мың теңге пара алған.

Ал ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген ойын алаңдары қолданысқа енгізілмеген күйі қалды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив