KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі әшкереленді

5.09.2013, 18:00 153


Өскеменде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі әшкереленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, электронды лотерея деген атау беріліп, қаланың бірнеше жерлерінде жұмыс істеп тұрған терминалдар 2 ай көлемінде жіті тексеруден өткен.

Осындай тексерулердің нәтижесінде бұл құралдардың астарында кең көлемде ұйымдастырылған ойын бизнесінің жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Енді сол электронды лоторея терминалдарының иелеріне қатысты 6 қылмыстық іс қозғалған.

Заңсыз ойын бизнесі бойынша 66 ойын автоматы қолданыстан алынды.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив