KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Шығыс Қазақстанда лауазымды тұлғалар пара алу кезінде қолға түсті

1.04.2013, 18:00 119


ШҚО Риддер қаласы аумақтық сот орындаушылар учаскесінің лауазымды тұлғалары ЖШС директорынан пара алу кезінде қолға түсті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЭСЖКД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаментте хабарлағандай, Риддер қаласының аумақтық сот орындаушылар учаскесінің аға сот орындаушысы - бастығы мен осы мекеменің сот орындаушысы алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС директорынан 2013 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Риддер қаласындағы сауда кешенін саудаға қоймауы және Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға шектеуді заңсыз алып тастауы үшін 630 мың теңге мөлшерінде пара алғаны әшкереленген.

Департамент өызметкерлері 2013 жылғы 26-наурызда жедел-іздестіру шаралары барысында сот орындаушыларының ЖШС директорынан параның бір бөлігі - 50 мың теңге алған дерегін рәсімдеген. Ал келесі күні лауазымды тұлғалар параның қалған 80 мың теңгесін алу кезінде қолға түсті.

Қазіргі уақытта олар өз кінәсін мойындады, осыған байланысты тексеру іс құжаттары сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріс тәртібінде ҚР ҚК 311-бабының 4-тармағының «б» бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін айып тағу хаттамасы толтырылып, сотқа жіберілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив