KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.16 480.39 4.94

Семейде жаңа макарон зауыты үшін 1,47 га. жер телімі берілді

26.03.2013, 18:00 154


Семейдегі «Тамаша» ЖШС 2010 жылы үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына кіргізілген болатын. Нәтижесінде қысқа кесілетін макарондарды шығару жобасы 171 миллион теңгеге бағаланып, өндірістің жартысын «Қазагрофинанс» АҚ несиелендірген. Сонымен екі-үш жыл өткен кезде «Тамаша» ЖШС тәулігіне 17,5 тонна өнім өндіретін болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Жеңілдікпен берілетін несиеге орай кәсіпорын жоғары сапалы итальяндық құрал-жабдық орнатып, 35 адамға жұмыс тауып берді. Мемлекет есебінен инженерлік жүйелер орнатылды.

Бүгінде Индустрияландыру картасы бойынша зауытқа ұзындығы 700 метр болатын подъезд жолының құрылысын бастау үшін облыстық бюджеттен қаржы сұрастырылуда. Бұған шамамен 5 млн. теңге қажет екен. Кәсіпорын қуатына енген соң оны ҮИИБ-дан шығарып, алдағы уақытта Индустрияландыру картасына кіргізбек. Тәулігіне 60 тонна ұн өндіретін диірмен кешенінің құрылысын салу да жоспарда бар. Қалалық әкімшілік жаңа макарон зауыты үшін 1,47 га. жер телімін беріп отыр. Және мемлекет қаржысы есебінен кешеннің жобалық-сметалық құжаты дайындалуда.

Бұл жоба Түркияның инвесторларымен бірге жоспарлануда. Қазір бурсалық кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сол жақтан қажетті құрал-жабдықтар сатылып алынбақ.

Раушан Нұғыманбекова

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив