KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Тоғыз бойжеткеннің ішінен топ жарып, «Наурыз аруы» атанды

19.03.2013, 18:00 120


Аягөз ауданында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған оқушылар арасындағы «Наурыз аруы» байқауына ауданның ауылдық мектептерінен 9 бойжеткен қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Байқауға қатысушы аруларымызға қойылған басты талаптың бірі – қазақ қыздарына тән инабаттылық пен ибалықты көрсете білу. Сонымен қатар олардың білім деңгейлері, ас-ауқат әзірлеу шеберліктері сараланып, қыздар бойларындағы өнерлерін паш ету, сән үлгілерін насихаттау бойынша да тапсырмалар орындады. Байқау қорытындысына сәйкес тоғыз арудың ішінен топ жарған Фатима Дүйсенгелдина «Аягөз аруы» атанып, зор қошемет пен марапатқа ие болды.

Айта кетуіміз керек, бұл шара үлкен мереке қарсаңында өткізіліп отырғандықтан, қатысушылардың ішінде жүлдесіз қалғандар болмады.

Барлығына лайықты сый-сияпат жасалып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив