KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Ұландық шенеуніктер Сағыр ауылының кішкене тұрғынын мерекемен құттықтап қайтты

13.03.2013, 18:00 142


Көктем мерекесі қарсаңында Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері нашар қамтылған отбасы ретінде қамқорлықтарына алған Сағыр ауылының тұрғыны Алтынай Жакинаға барып қайтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оның тұңғыш қызы - Жанбота жуықта 11 айға толды. Осы қуанышқа орай бөлім мамандары жиналып балалар киімін, төсек жабдықтарын, азық-түлік сатып алып, демеушілік көрсетті. Сонымен қоса аудандық мәслихат депутаты Оразай Сыдықов өз қаражатына тас көмір сатып алып, жеткізіп берді.
Ұландық шенеуніктер Сағыр ауылының кішкене тұрғынын мерекемен құттықтап қайтты
Алтынай Жакина аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымына, аудандық мәслихат депутатына көрсеткен қамқорлықтары үшін алғысын білдіріп, келешекте аудан халқының әл- ауқатын жақсарта беруде табыс тіледі.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив