KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Бір ғасырлық ғұмыр кешті

9.01.2013, 18:00 138


Жаңа жылдың алғашқы күндері Ұлан ауданы Алмасай ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Шаймардан Сабитов ақсақал 100 жасқа толды.

Бір ғасырлық ғұмыр кешкен атаға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын алып Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Ибраимова мен тұрмысы төмен азаматтарды қолдау аймақтық қорының директоры С. Ғайса барып, сәлемдесіп, туған күнімен құттықтап, аймақтық қордың атынан материалдық көмек көрсетті.

Ардагер өзінің өмір жолынан әңгіме айтып, басынан кешкен қиындықтарына тоқтала отырып, өзін аялап отырған балалары, немерелері мен шөберелеріне ризалығын білдіріп, өзін құттықтауға келген өкімет адамдарына алғысын білдірді.

--Еліме амандақ, жеріме тыныштық, барлығыңа денсаулық тілеймін. Сонымен қоса ауданымыздың өсіп өркендеуіне тілектестік білдіремін,-- деп абыз ата ақ батасын берді.


Л. Скакова
Мәлімет көзі Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив