KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Ұлан ауданында мерекеге орай қамқорлық көрсетті

24.11.2012, 18:00 113


Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің қызметкерлері қамқорлыққа алынған аз қамтылған жас отбасы Сағыр ауылының тұрғыны 2-топ мүгедегі Жакина Алтынайға барып қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Бөлім бастығы А. Ибраимова Алтынайдың тұңғыш қызы Жанботаға балалар киімін, төсек жабдықтарын сыйға тартып, азық-түлікпен демеушілік көрсетті.

Сонымен қоса қысқы мерзімге тас көмірмен көмек көрсетілді.Тас көмірді өзінің қаражатына алып, жеткізіп берген аудандық маслихат депутаты Сыдықов Оразай.
Алтынай Жакина ең бірінші аудан әкімі С. Төленбергеновке, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің ұжымына, аудандық маслихат депутаттарына көрсеткен қамқорлықтары үшін алғысын білдіріп, келешекте аудан әл- ауқатын жақсартудаға жұмыстарына табыс тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив