KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Аягөзде өңірдің гүлденуіне атсалысқан қыз-келіншектердің қатысуымен семинар ұйымдастырылды

11.03.2013, 18:00 77


Аягөзде аудандық ішкі саясат және кәсіпкерлік бөлімдерінің қолдауымен «Кәсіпкер әйел» атты семинар өтті. Оған өңір экономикасының дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектер қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында тілшімізге Аягөз аудандық әкімдігінде хабарлады.

Аягөзде өңірдің гүлденуіне атсалысқан қыз-келіншектердің қатысуымен семинар ұйымдастырылдыЖиында кәсіпкерлік бөлімінің бастығы С.Байжанов еліміздің гүлденуіне әйел-кәсіпкерлердің қосқан үлесі туралы баяндап берді. Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, толғандырған сауалдарына жауап алды.

Кеш сонында ауданның өркен жаюына еңбек сіңірген, өздерінің қайырымдылық көмектерін аямай жүрген жомарт кәсіпкер әйелдерге аудан әкімінің алғысы жарияланып, сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді.

Семинар оқулары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының негізгі басымдықтарын, гендерлік саясатты жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив