KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Абайлық өнерпаздардың мерекелік жаңа бағдарламасы астаналықтардың көңілінен шықты

10.03.2013, 18:00 146


Құрылғанына 40 жыл толған «Қаламқас» халық ансамблі Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің мың орындық үлкен залында концерт берді. Ауыл өнерпаздары Астанаға аталған жоғары оқу орнының басшысы, Абай елінің тумасы Ерлан Сыдықовтың арнайы шақыртуымен барған еді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Астаналықтар ансамбльдің мерекелік жаңа бағдарламасын өте жылы қабылдады. Олар әсем ән, мың бұралған би, күмбірлеген күймен бірге, Абай елі ақындарының әсерлі жыр шумақтарына да зор қошеметпен қол соқты. Астанаға барған сексен адамдық өнер ұжымы құрамында абайлық бес ақын да болған еді.

Ал абайлық өнерпаздар бұл сапар барысында уақыт өткен сайын жасарып, жаңғыра түскен еліміздің бас қаласымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Дәулет Сейсенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив