KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Хоккейшілеріміз көшбасында тұр

4.03.2013, 18:00 260


Қарағанды қаласының Мұз айдыны сарайында шайбалы хоккейден өткен ІІІ қысқы спартакиада қорытындысында негізгі ойыншылары «Торпедо-2» командасынан жасақталған біздің облыстың құрамасы бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар Бүкілқазақстандық ІІІ қысқы спартакиада аясында Өскеменде шаңғымен спорттық бағдарлаудан жарыс өтті.
Бұл спартакиада елімізде қысқы спорт түрлерін одан әрі дамыту, талантты жастарды ірік-теп, шеберліктерін жетілдіру, халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.

Комсомол аралында төрт күнге созылған жарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстарда жақсы қырынан көзге түскен шаңғышылардың шеберліктері жыл өткен сайын өсіп келеді. Солардың арасында 16 жасқа дейінгі қыздар арасында жекелей есепте Татьяна Цер (Шығыс Қазақстан облысы), ұлдар арасында Владимир Толыбаев (Астана), 18 жасқа дейінгілер арасында Жұлдыз Байханова (Астана), Владимир Михайлов (Шығыс Қазақстан облысы), 20 жасқа дейінгілер арасында Екатерина Романова (Шығыс Қазақстан облысы), Дмитрий Адамаш (Астана) өте жақсы нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Талантты спортшылар еліміздің ұлттық құрамалар сапын толықтырады. Ал ересектер арасында Ольга Новикова мен Аслан Тағбаев жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді.

Жалпы командалық есепте Астана құрамасы бірінші, Шығыс Қазақстан облысының командасы екінші, Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары үшінші орынды иеленді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив