KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Семейлік студенттер төтенше жағдайларға дайын

4.03.2013, 18:00 199


Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультеті мен жаратылыс ғылымдары факультеті бірігіп, азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні 1991 жылы ХАҚҰ (Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының) Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілді және жыл сайын 1 наурызда аталып өтеді. Бұл күн 39 жыл бұрын, халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы құрылған күні күнтізбеге енгізілген. Оған 50-ге тарта ел кіреді. Қазақстан 1996 жылы ұйымға мүше болды.

Аталмыш факультеттердің бастапқы әскери дайындық кафедрасы және жалпы биология кафедрасының оқытушылары бірлесіп студенттердің әртүрлі қауіпті жағдайдағы әрекетке дайындығын пысықтау – оқыту мақсатында, төтенше жағдай көбірек тараған жайлардағы қауіпсіздік іс-әрекетке үйретіп, оқу-жаттығу сабақтарын өткізді. Сондай-ақ, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсету жолдары көрсетілді.

«Өзге жанды құтқару үшін өз өміріңді тәуекелге тігу оңай емес. Құтқарушының әрбір жұмыс күні ерлікке пара-пар. Дегенмен, бұл жерде көзсіз батылдықтан гөрі кәсіби біліктілік қажет. Сондықтан осындай іс-шараларды алдағы жылдарда кеңірек институт көлемінде өткізсек деген ойымыз бар» дейді ұйымдастырушылар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу