KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда көлікке салынатын салық жағармайдың бағасына енгізілуі мүмкін

27.02.2013, 18:00 87


«Казпотребнадзор» қоғамдық ұйымы көлікке салынатын салықты жағармай мен дизельді отынның құнына енгізу керек деген ұсыныс айтады , деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Казпотребнадзор» ұйымы мамандарының пікірінше, бұл ең әділетті салық жинау әдісі болып табылады, ол « көп жүрген сайын салықты да көп төлейсің» қағидасымен жұмыс істейді. Оның үстіне, көлік салығын жағармайдың бағасына қосып қою салық органдарын қосымша жұмыстан арылтады, ал жүргізушілер кезекте тұрмайтын болады. Сондай-ақ салық төлеуден жалтару мүмкін емес, бұрын двигательдің көлемі 4 литрден артық қымбат көліктің иелері темір тұлпарларын жеңілдігі бар азаматтардың атына жазып қоятын. Шын жеңілдіктері бар жүргізушілер жылына бір рет пайдаланған жағармайы үшін өтемақы алып тұрады.

Өткен жылы Қазақстанда көлік салығынан 25 млрд теңге жиналыпты. Егер осы соманы қазақстандықтар бір жылда пайдаланған 8 млн тонна жағармайдың бағасына бөлсек, жағармайдың бір литрі 3-3,5 теңгеге ғана қымбаттайды дейді есеп жүргізген «Казпотребнадзор» мамандары.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив