KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Әлемдегі ең үлкен көзді ит Гиннес кітабына енгізілді

25.02.2013, 18:00 125


Бруски деп аталатын бостон-терьер тұқымды ит Гиннес кітабына ең үлкен көзге ие ит ретінде жазылды. Оның көздерінің диаметрі шамамен 2,8 сантиметрге жетеді. 4 жасқа келген Бруски өзінің 18 жасар қожайыны Виктория Ридпен бірге Техас штатында өмір сүруде , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Викторияның әке-шешесі, достары иттің көзіне назар аудармағанға дейін ит қожайыны төбеттің мұндай ерекшелігіне жіті мән бермеген көрінеді. Гиннес рекордтар кітабының ресми сайтында 2011 жылы Брускидің көзі шарасынан шығып кетті деп хабарланған. Итті жедел түрде ауруханаға жеткізіп, оның көзін дұрыстау қажет болған. Қазір ит сау көрінеді, алайда, зақымданған көзі аздап қылиланады екен. Бруски теннис добымен ойнауды, қожайынының төсегінде ұйықтауды ұнатады-мыс.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив