KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

ҚР Тәуелсіздігін мерекелеу күні ұйымдастырылған жастар акциясы Гиннестің рекордтар кітабына енді

29.02.2012, 18:00 273


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін атап өту күні ұйымдастырылған жастар акциясы Гиннес рекордтары әйгілі кітабына енді.
Бұл туралы «ҚазБренд» қоғамдық қорының баспасөз қызметінен хабарлады.

Еліміздің туған күніне орай Астанадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық, сауда орталығында «ҚазБренд» қоғамдық қоры ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ауқымды акция ұйымдастырды. Акция барысында елордалық жоғары оқу орындарының студенттері «Қара жорға» биін орындап, келуші қонақтарға ұлттық - ет тағамынан дәм татқызды.

Шараның барысын арнайы шақырылған жергілікті және халықаралық бақылаушылар тамашалады. Шығармашылық есептің нәтижесі бойынша, қазақстандық акция жеңіске жетіп, жеңімпаздардың құрметті сертификатына ие болды. Акция туралы ақпараттар мен фотосуреттер әйгілі Кітаптың парақтарында жарияланатын болады.

«Рекордтар жасау оңай емес екендігіне көзіміз жетті. Әкімшілік және ұйымдастыру жағынан бірқатар қиындықтарға тап болдық. Дегенмен жұмсаған күш пен қаражат ақталды. Өз дегенімізге жетіп, рекорд орнаттық!», -деді «ҚазБренд» қоғамдық қорының директоры Евгений Рибалко.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив