KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 1,9 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

Айыппұл орнына - гүл шоқтары

25.02.2013, 18:00 194


Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс орталығының жол полициясы қызметкерлері көлік жүргізуші қыз-келіншектерге айыппұл орнына гүл шоқтарын сыйлайды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Республика алаңында орналасқан Жол полициясы комитетінің наряды қыз-келіншектер басқарып келе жатқан көліктерді тоқтатып, нәзік жандарды мерекелерімен құттықтайды. «Жол ережесін бұзған қыз-келіншектерге ескерту жасалады да, айыппұл орнына оларға гүл, тәтті сыйлықтар және техникалық тексеруден өту сертифакаты тапсырылады» деді облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз хатшысы А.Атудинова.
Жол полициясы қызметкерлері көлік басқару кезінде әйел адамдардың ер адамдарға қарағанда ұстамдырақ келетінін, жол ережелерін өрескел бұзбайтындарын айтады.
Дәл осындай акция Өскемен қаласында былтыр да өткізілген болатын. Онда 60 нәзік жанға сыйлық бұйырса, биыл 100 қыз-келіншек сый-сияпатқа ие болады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив