KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Комсомол аралында «Туризм есірткіге қарсы» атты спорттық акция өтеді

20.02.2013, 18:00 163


Сенбі күні, 23-ақпанда Өскемен қаласындағы Комсомол аралында «Туризм есірткіге қарсы» атты спорттық акция өтеді. Оған ниет еткендердің барлығы қатысуына болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара сағат 11.00-де басталады. Бес адамнан тұратын команда мүшелері өздерімен коньки және шаңғыларын ала келулері керек. Бағдарламада шаңғымен жүгіру, коньки тебуден жарыс, футбол матчы, «Біздің ақша қар» отбасылық байқауы, канатты тарту, бір шаңғыда жүгіру және «Сыйлыққа қол жеткіз» байқауы бар.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив