KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Қарауылда "ауыл күндері" өтіп жатыр

17.02.2013, 18:00 111


Абай ауданындағы Қарауылда дәстүрлі «Ауыл күндері» жалғасын тапты. Кеңес заманында «Кеңшарлар күні» атауымен өтіп келген бұл шара қазірде мүлдем басқаша сипатқа ие болған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Түрлі атаулы даталарға орай жыл сайын оның тақырыбы да өзгеріп тұрады. Айталық, үстіміздегі жылы Шәкерім қажының туғанына 155, ауданның құрылғанына 85 жыл толуына орай биылғы дәстүрлі байқау «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген тақырыппен толықты.

Байқауға аудандағы тоғыз ауыл мен аудан орталығындағы төрт мекеме қатысуда. Байқау шартына орай жергілікті өнерпаздар данышпан ақынның өмірі мен шығармашылығын, ұлылар елінің өткен тарихы мен бүгінгі тынысын ашып көрсетуге талпынады.

Мұның сыртында ауылдар арасында қолөнер бұйымдарының көрмесін өткізу жоспарланған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив