KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Семейде Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай бірінші республикалық байқау ашылды

22.04.2013, 18:00 153


Семей қаласында КСРО халық әртісі , Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай бірінші республикалық байқау ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Байқау облыс әкімінің, облыстық мәдениет және білім басқармаларының қолдауымен өткізіліп отыр.

Шығармашылық сайыс академиялық жеке дауыспен ән шырқау аталымы бойынша Мұқан Төлебаев атындағы саз училищесінің базасында өтіп жатыр. Байқауда Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі орта кәсіби оқу орындарының оқушылары бақ сынасады.

Үміткерлердің өнерін Ұлан Кенжебеков, Қаракөз Ақдәулетова, Нұрлан Көшеров, Жанат Шыбықбаев, Николай Таубеков сияқты республикамызға еңбектері сіңген әртістер мен өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы таразылайтын болады.

Бүгін байқаудың негізгі күні. Сайысқа іріктеу турынан сүрінбей өткен өнерпаздар ғана жіберілді. Жарыстың қорытындысы ертең Абай атындағы театрда шығарылып, осы сахнада үздіктер марапатталады деп күтілуде.

Конкурсты ұйымдастырушылар сайыстың нәтижесінде классикалық және халықтық музыканы шебер орындайтын жаңа есімдер анықталады деп үміттеніп отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив