KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.03 480.38 4.91

Ұлылар елін өзгеше ән мен күйге бөледі

15.04.2013, 18:00 204


Ұлылар елі саналатын Абай ауданында «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген атпен өтіп жатқан ауыл күндері өз мәресіне жетуге жақын.

Дала данышпаны атанған Шәкерім қажының 150 жылдығы мен ауданның құрылғанына 85 жыл толуына арналған бұл өнер байқауына ауданның барлық ауылдары мен мекемелері зор белсенділікпен қатысуда.

Оған Медеу ауылы да қызу әзірлікпен келгендіктерін байқатты. Аталған ауылдың өнерпаздары сахна шымылдығын жергілікті қаламгер Төлеген Жанғалиевтің «Құрқұдық оқиғасы» шығармасы бойынша жасалған қойылыммен ашты. Қажының басқа да шығармалары молынан оқылды. Әуелеген ән, күмбірлеген күй, мың бұралған ұлттық және классикалық билер, тұщымды әзіл-сықақ көрермендердің жанын жадыратты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив