KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Глубокоеліктерді «Астана-Бизнес» кәсіпорны жоғары заманауи техникалармен қамтамасыз етті

17.02.2013, 18:00 239


Глубокое ауданындағы «Быструха–Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тоғыз шаруашылықты біріктіріп, ірілендіру арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Серіктестік «Астана-Бизнес» кәсіпорнының қаржысы есебінен өнімділігі жоғары заманауи техникалармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шаруашылық ұжымы егістік алқабына минералдық тыңайтқыштарды себу, нөлдік ылғал сақтау технологиясы бойынша рапс және солодтық арпа өсіру, әр гектардан алынатын өнімді 35 центнерге дейін жеткізу бағытындағы дайындық жұмыстарын бастады. Бұл дақылдарға еліміздің нарығында сұраныс жоғары болып отыр.

Серіктестік ұжымы ауыл шаруашылығын дамыту жобасына бөлінген 407 млн. теңге қаражатқа гараж, сле-
сарьлық шеберхана, қырман құрылыстарын жүргізуді, өндірістік-техникалық ғимаратты қалпына келтіруді, сондай-ақ, элиталық тұқым, тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы техникаларын, автомашиналар сатып алуды жоспарлап отыр.
Биыл олар асыл тұқымды мал өсіру мүмкіндіктерін де кеңінен қарастырып жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив