KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Көктем қамын қазір ойластыруда

14.01.2013, 18:00 83


Бородулиха ауданындағы «Ассорти» шаруа қожалығы мен «Ассорти-2» шаруа қожалығы серіктестігі жерді ұқыптылықпен өңдеп пайдалану арқылы әр гектардан алынатын өнімді арттыра түсуде. Қаэір бұлардың қарамағында 2800 гектар егістік алқабы бар.

Биыл бұл шаруашылықтар бірлесіп, жалпы алаңы 1,5 мың шаршы метр болатын астық қоймасы мен дән тазалайтын жаңа қырман салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ өз өнімдерін саудалайтын дүкенге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастыруда.

Алдыңғы жылы 32 миллион теңгеге қазіргі заман талабына сай техникалар мен топырақ өңдейтін агрегаттар, өткен жылы егіс алқабында арамшөптерді құртатын химиялық бүріккіш қондырғы сатып алынды. Бұған қоса қолданыстағы техникаларына гараж салып алды. Осы екі шаруашылықта 25 адам жұмыс істеп жатыр.

Өткен күзде егістік алқабына 64 тонна минералдық тыңайтқыш шашылған болатын. Тұқым сапасына да жете көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта толық сараптаудан өткізілген 500 тонна екінші класты тұқым элеваторда сақталуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив